Саксония жеріндегі Майсен қаласындағы үйлердің бірінен құтқару қызметкерлері үш баланың және бір ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайтыс болған балалардың жасы бір, екі және үште болған. Олардың жанында 37 жастағы ер адамның мәйіті жатты.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері төрт адамның да қайтыс болғанын растады.
Дрезден прокуратурасы мен полиция басқармасы бұл оқиғаны кісі өлтіру ісі бойынша тергеп жатыр. Қылмыс орны толық қоршауға алынған.
«Полиция дәлелдерді жинау жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардан алғашқы сұрақ-жауап жүргізілді», – деді жергілікті полиция өкілі Марко Ласке.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысты қосымша ақпарат бермей отыр.