Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыруар ақша. Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені белгілі болды

10:06, 01 қазан 2024 422

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 166,7 млрд АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды Ұлттық банк. Бұл жайлы  Alash.KZ ұлттық порталы жазды.  

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2024 жылдың басынан бері 3,0 млрд долларға өскен.

2024 жылдың басынан бастап сыртқы қарыз төлем балансының операциялары есебінен 2,7 млрд долларға, ал құндық, бағамдық және басқа да өзгерістер есебінен 0,3 млрд долларға ұлғайған.

Қазақстанның сыртқы қарызының 87,5%-ы – ұзақ мерзімді сыртқы қарызға тиесілі. Бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтса, екінші жағынан қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге нарықтық жағдайлардың өзгеруінің ықпалын күшейтеді. Қарыздың қаржылық құралдар түрлері бойынша құрылымында резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар басымдыққа ие (73,9%), ал резидент еместер қолындағы борыштық бағалы қағаздар 8,0%-ды қамтиды, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Айта кетейік, сыртқы қарыз дегеніміз – резиденттердің резидент еместер алдында төленбеген нақты және сөзсіз міндеттемелері. Бұл міндеттемелер негізгі қарызды және пайыздарды төлеуді талап етеді.

Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы бойынша статистикалық есепте елдің сыртқы міндеттемелері мен оның құрылымы көрсетіледі. Бұл қарыздар халықаралық инвестициялық позицияның құрамдас бөлігі саналады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар