Бішкек қаласында «Попрошайка» атты рейдтік іс-шара өткізілді. Рейдтің мақсаты – түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, деп хабарлайды Alash.kz.
Қырғызстан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында ата-анасының қарауынсыз жүрген 35 жасөспірім анықталған.
19 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Үш жасөспірім ІІМ жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының алдын алу орталығына жеткізілді. Қалғандары ата-аналарына тапсырылды.
Мұндай рейдтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.