Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қырғызстан Қазақстанға суды сату керек" - Жогорку Кеңештің депутаты (ВИДЕО)

17:46, 19 ақпан 2026

Қырғызстан Жогорку Кеңештің депутаты Умбеталы Кадыралиев парламентте Қырғызстан аумағында қалыптасатын су ресурстарын пайдалану мәселесін көтерді, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, Өзбекстан мен Қазақстан қырғыз өзендерінен едәуір көлемде су алады, алайда оны пайдаланғаны үшін ақы төлемейді.

Кадыралиев су қоймаларын, гидротораптар мен инфрақұрылымды күтіп-ұстау айтарлықтай қаржылық шығынды талап ететінін, бұл шығындарды Қырғызстан өз мойнына алып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты депутат билікті мемлекетаралық келісімдерді қайта қарап, су мәселесінде әділ шарттарға қол жеткізуге шақырды.

Орталық Азиядағы су ресурстарын бөлу мәселесі әлі де өзекті тақырып болып қалып отыр және ол тұрақты түрде саяси әрі қоғамдық пікірталастардың нысанына айналуда.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар