Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қолданыстағы мемлекет басшысының өкілеттік мерзімінде және кезекті немесе мерзімінен бұрын сайлау өткізу тәртібіне қатысты Конституция нормаларын ресми түрде түсіндіруді сұрап, Конституциялық сотқа жүгінді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.KZ.
Мұндай өтінішке заңгерлер мен сарапшылар арасындағы пікір қайшылығы себеп болған. 2021 жылы Конституцияның жаңа редакциясы қабылданғаннан кейін, 2010 жылғы Конституция бойынша сайланған президенттің өкілеттік мерзімі қай кезден бастап есептелуі тиіс және келесі сайлау қашан өтуі керек деген мәселеде әртүрлі түсіндірулер пайда болған.
Құжатта бұл белгісіздік маңызды мәселелерге әсер ететіні атап өтілген. Атап айтқанда, сайлау мерзімдері, азаматтардың сайлау құқықтары және билік шешімдерінің заңдылығы күмән тудыруы мүмкін. Егер нақты түсіндірме берілмесе, бұл саяси дау-дамайға және мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне әкелуі ықтимал.
Осыған байланысты президент Конституцияның 2021 жылғы редакциясындағы 67, 68 және 72-баптарды 2010 жылғы Конституция нормалары мен «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» заңды ескере отырып түсіндіруді, сондай-ақ сайлау өткізу тәртібі мен мерзімдерін нақты айқындауды сұрады.
Конституциялық сот бұл өтінішті 17 ақпанда қарайды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Конституциялық соттан ресми түсіндірме сұрады
«Бірқатар тапсырма берді»: Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
18:30, 14 қазан 2026
«Жабылып ұрып, оқ жаудырған»: Полиция Алматы облысындағы оқиға туралы мәлімдеді
16:13, 14 қазан 2026
«Шекарадан өткізбейді»: 2027 жылдан бастап шетелдіктер үшін маңызды өзгеріс енеді
15:53, 14 қазан 2026
«Жаңа награда мен құрметті атақ»: Құрылтай депутаттары маңызды заң жобасын қабылдады
15:14, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: ҚР Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы тағайындалды
15:02, 14 қазан 2026
«Мыңдаған азаматтың жеке деректері тарап кеткен»: Депутат қатаң талап қойды (ВИДЕО)
14:44, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды
11:18, 14 қазан 2026