Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстан парламентінің спикері отставкаға кетті

11:31, 12 ақпан 2026

Қырғызстан парламентінің спикері Нурланбек Тургунбек уулу қызметінен кетті. Ол өкілеттігін тоқтату туралы шешімін 12 ақпан, бейсенбі күні өткен отырыс барысында жариялады, деп жазады Alash.KZ.

Депутат бұл шешімді жеке өзі қабылдағанын және ешқандай қысым болмағанын мәлімдеді.

«Елімізде орын алған саяси оқиғаларға байланысты айтарым, мен бір немесе екі адамға қызмет етпеймін, мен халыққа, мемлекетке және парламентке қызмет етемін. Мен өз еркіммен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Бұл – сыртқы қысымсыз қабылданған жеке шешімім», — деді Тургунбек уулу.

Саясаткердің сөзін «Интерфакс» агенттігі мәлімдеді.

Тургунбек уулу Қырғызстан парламентінің спикері болып 2025 жылғы 17 желтоқсанда сайланған болатын.

Осы апта басында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров вице-премьерді және елдің арнайы қызмет басшысы Камчыбек Ташиевті қызметінен босатқаны хабарланған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар