Қырғызстанда Қазақстанның "Рэкетир 3" фильмін премьера күні прокаттан алып тастады, деп жазады Alash.KZ.
"Синематика" кинотеатрлар желісі мұндай шешімге не себеп болғанын айтпады.
19 ақпанда Бішкекте қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир 3" фильмінің жабық көрсетілімі өткен, 20 ақпанда әлеуметтік желіде фильм актерлерімен бірге Руслан Қамшының жүрген видеосы тарады.
Руслан – қылмыс әлеміне танымал Қамшы Көлбаевтың ұлы, Көлбаевты 2023 жылғы күзде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнайы операциясы кезінде атып өлтірген.
Фильмді прокаттан алып тастауға мұның қатысы бар-жоғы ресми түрде айтылмады.
