2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда құжат рәсімдеу қымбаттады: айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсті, - деп хабарлайды Alash.KZ сайты Massaget.kz материалына сүйеніп.
Төлқұжат пен жеке куәлік:
- 16 жасқа дейінгі балалар төлқұжаты (24 бет) – 17 300 теңге (4 АЕК), бұрын 15 728 теңге болған.
- 36 беттік төлқұжат – 34 600 теңге (8 АЕК), бұрын 31 456 теңге.
- 48 беттік төлқұжат – 51 900 теңге (12 АЕК), бұрын 47 184 теңге.
- Жеке куәлік – 865 теңге (0,2 АЕК). Бірақ алғашқы рет алған кезде және мерзімі бітіп ауыстырғанда тегін беріледі.
Егер жыл ішінде жеке куәлікті екі реттен көп жоғалтсаңыз, 4 325 теңге (1 АЕК) төлеу қажет болады.
- Жүргізуші куәлігі енді 5 406 теңге (1,25 АЕК) тұрады.
Неке қию және ажырасу
- Неке туралы куәлік – 4 325 теңге (1 АЕК).
- Ажырасу – 8 650 теңге (2 АЕК).
Туу туралы куәлік бұрынғыша тегін, бірақ қайтадан алу керек болса (мысалы, жоғалтып алсаңыз) 2 163 теңге (0,5 АЕК) төленеді.
Құжаттарды кімдер тегін рәсімдей алады?
Кейбір азаматтар құжаттарды тегін ала алады. Олар:
- Ел қаһармандары және жоғары мемлекеттік марапат иелері;
- Құрметті атағы бар көпбалалы аналар;
- Соғыс ардагерлері және ұрыс қимылдарына қатысушылар;
- Мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларының ата-аналары;
- Әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
- Жетім балалар және толық мемлекеттік қамқорлықтағы балалар;
- Чернобыль апатынан зардап шеккендер.
Сондай-ақ, 2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда АЕК пен күнкөріс минимумы өзгеріп, салықтар мен айыппұлдар өсті, зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар көбейді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ережелері және мобильді аударымдарға салықтық бақылау талаптары жаңарды.