Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қылмыскерлер мен қоғамға қауіп төндірген тұлғалар…” - Германия билігі Ауғанстанмен келіссөз жүргізбек

11:35, 28 қыркүйек 2025 108

Германия билігі көші-қон саясатын қайта қарастырып, ауған және сириялық азаматтарды елден шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Alash.kz BILD басылымына сілтеме жасап. 

Қазан айында Германия Ішкі істер министрлігінің делегациясы Кабулға барып, тәліптермен келіссөздер өткізбек. Негізгі мақсат – Германия аумағында қылмыс жасаған немесе қауіп төндірген Ауғанстан азаматтарын жүйелі түрде елден шығару.

Ішкі істер министрі Александр Добриндт BILD басылымына берген сұхбатында: “Ауғанстанға депортациялар тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Сол үшін біз келіссөздерді тікелей Кабулда өткіземіз. Қылмыскерлер мен қоғамға қауіп төндірген тұлғалар болашақта міндетті түрде елден шығарылатын болады”, – деді.

Германия бұған дейін Катардың көмегімен екі рет депортация ұйымдастырған. Соңғы рейс 2025 жылдың шілдесінде жүзеге асырылып, 81 адам елден шығарылды. Дегенмен, Германия тәліптермен ресми дипломатиялық қатынас орнатқан жоқ. Сондықтан сарапшылар келіссөздер нәтижесінде тәліптердің қандай талап қоятынын болжауға сақтықпен қарайды.

Берлин жоспары тек ауғандармен шектелмейді. Германия Сирияға да депортация жасауды қолға алмақ. Алдымен қылмыс жасағандар елден шығарылса, кейіннен Германияда қалу құқығы жоқ адамдарды шығару қарастырылып отыр.

Александр Добриндт Rheinische Post басылымына берген пікірінде: “Жұмыс істеп, қоғамға бейімделгендер мен баспана алу құқығы жоқ, әлеуметтік жәрдемақыға тәуелділерді ажырату қажет”, – деді. Ол көші-қон және босқындар жөніндегі федералдық агенттікке сириялықтарға баспана беру рәсімін қайта қарауды тапсырды. Бұл шешім баспана алу өтініші қабылданбағандарды елден шығару ісін заңды тұрғыда жеңілдетпек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар