Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қыдыртамын» деп алдап, зорлық көрсеткен: СҚО-да 40 жастағы ер адам ұсталды

19:47, 03 шілде 2026

Солтүстік Қазақстан облысында 13 жасар мектеп оқушысын алдап ауыл сыртына алып кетіп, еркінен тыс ұстап, зорлық-зомбылық көрсеткен 40 жастағы күдікті ер адам құрықталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сұмдық оқиға үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде Айыртау ауданында орын алған. Кешкі сағат 18:00 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірім қыз дүкеннен шыққан сәтте, оның алдынан 40 жастағы ер адам шығады. Ол жеткіншекті «мотоциклмен қыдыртамын» деп алдау арқылы көлігіне отырғызып, елді мекеннен алысқа алып кеткен. Осыдан кейін қаскөй қыз баланы күштеп ұстап, оған қарсы жыныстық сипаттағы ауыр қылмыс жасаған.

Үрейі ұшқан жақындары мен тәртіп сақшылары жоғалған мектеп оқушысын іздеу жұмыстарын түні бойы тоқтатпай жүргізді. Тек таңғы сағат 05:00 шамасында ғана зардап шеккен қыз ауылдың сыртқы аумағынан аман-есен табылды.

Қазіргі уақытта осы ауыр қылмысты жасады деген күдікке ілінген азамат құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасалған істің аса ауыр санатына жататынын ескере келе, заң бойынша күдікті ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар