Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құрылыс алаңындағы краншының өлімі: Министрлік комиссия құрылғанын хабарлады

08:02, 19 ақпан 2022 408
[ad_1]



Төтенше жағдай министрлігі 18 ақпан кешке Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңдарының бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты комиссия құрылғанын хабарлады. Полиция "Құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.


Жұма күні кешкі сағат бестер шамасында астанада құрылыс алаңдарының бірінде мұнаралы кран құлап, мұнара үстінде болған краншы опат болған. Оқиға орнына 30 шақты құрылысшы жиналып, қайғылы жайтты жан-жақты тергеуді талап еткен.


Төтенше жағдай министрлігі 19 ақпанда таратқан хабарламасында Тұран даңғылы бойында салынып жатқан нысан аумағында "2013 жылы шығарылған QTZ 100 мұнара кранының секциясы сынды" деп жазған.


"Бұл кранның құлауына әкеп соқты. Нәтижесінде 1970 жылы туған краншы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Төтенше жағдай министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті инспекторлары куәгерлер арасында сауалнама жүргізді, бақылау камераларынан бейнежазбалар алынды және аварияны тексеру жөніндегі комиссия құрылды" делінген хабарламада.


Комиссия құрамына министрлік пен әкімдік өкілдері және өзге де "мүдделі тұлғалар" енген.


Ведомство тергеп-тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін кранның құлау себептері мен мән-жайлары анықталады деп ол бойынша да ақпарат беруге уәде берді. Ал астана полициясы оқиғаға байланысты "Құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бабы (277-бап) бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Сараптама тағайындалған.


Жұма күні түнде оқиға орнына жиылған жұмысшылар техникалардың ескілігін алға тартып, мәселені бұған дейін басшылыққа талай жеткізгенмен жағдай өзгермегенін айтқан.


Құрылыс дуалындағы нысанның паспортына сенсек, құрылысқа тапсырыс беруші – KING DEVELOPMENT жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бас мердігер – WINBUILD ЖШС. Азаттық тілшісі хабар таратқан кезде оқиға орнында құрылыс компаниясының өкілі болған жоқ.


Наразыларға Төтенше жағдай министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті мамандары келіп, оқиғаны мұқият тексеретінін айтқан.


Қазақстанда жұмысшылар құрылыс алаңында қауіпсіздік ережелері сақталмайтынын айтып, жиі шағымданады. Ондағы қайғылы оқиғалар туралы ақпараттар жиі шығады. 23 қаңтарда Алматыдағы құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, краншы жігіт мерт болған. Полиция "Құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаған.


Астанадағы краншылар осыған дейін қауіпсіздік талаптарының сақталмайтынын айтып бірнеше рет наразылыққа шыққан. Олар жұмыс ауыр, жалақы аз, ал қауіпсіздік талаптары жиі бұзылады деген.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар