Құрылтайда бес саяси партияның фракциясы құрылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Олардың қатарында «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия бар.
Фракция жетекшілері мен депутаттық құрамы мынадай:
— «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі – Ербол Дәненұлы Адаев. Фракция құрамына 110 депутат кірді;
— «Ауыл» партиясы фракциясын Қайрат Қапарұлы Айтуғанов басқарады. Фракция құрамында 10 депутат бар;
— Respublica партиясы фракциясының жетекшісі – Айдарбек Асанұлы Қожаназаров. Фракция құрамында 9 депутат бар;
— «Ақ жол» партиясы фракциясын Дания Мадиқызы Еспаева басқарады. Фракция құрамында 8 депутат бар;
— Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі – Асхат Нұрмағамбетұлы Рақымжанов. Фракция құрамына 8 депутат кірді.