Бас прокуратура Құрылтай сайлауына дайындық кезінде заңсыз үгіт-насихат пен рұқсатсыз қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, деп жазады Alash.KZ
2026 жылғы 2-23 шілде аралығында партиялар партиялық тізімдерін ұсыну және тіркеу жұмыстарын жүргізеді. Ал 23 шілде сағат 18:01-ден бастап сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталып, 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Прокуратураның мәліметінше, партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін кез келген сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.
Мұндай талапты бұзғандарға 151,3 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Ал сайлауалды үгітті заң талаптарына сай жүргізбегені үшін 129,7 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.
Егер заң бұзушылық сайлаушыларды сатып алумен байланысты болса, кінәлілерге 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 4 000 АЕК-ке дейін (17,3 млн теңге) айыппұл салынуы мүмкін.
Құрылтай сайлауы: заңсыз үгіт жүргізгендерге айыппұл салынып, 4 жылға қамалуы мүмкін
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026