Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құрмет пен ортақ мүдде жақындастырады»: Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

09:00, 14 қыркүйек 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен бұл елге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстан Президентін Сеул әуежайында Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Сеулде Корея Республикасының бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі «Достық» орденін салтанатты түрде табыстады. Президент мән-маңызы ерекше рәсімге жиналған қауымға ілтипат білдіріп, қазақ пен корей халықтарының арасындағы тарихи достастыққа тоқталды.

«Екі елдің арасы алшақ болғанымен, бізді өзара құрмет пен ортақ мүдде жақындастарды. Корея экономикасы айналасындағы бәсекелестік пен сын-қатерлерге қарамастан ойдағыдай дамуда. Бұл – халықтың еңбекқорлығы мен ірі кәсіпкерлердің арқасы. Қазақ халқы мен билік өкілдері достас Корея еліне шынайы сыйластықпен қарайды. Корея Республикасы – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Біз Кореяны халықаралық абырой-беделі зор мемлекет ретінде білеміз. Бүгінде мемлекеттеріміздің сан қырлы ынтымақтастығы жыл санап нығайып келеді. Осыдан бес жыл бұрын Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы мәлімдеме қабылдаған едік», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасында орныққан терең саяси диалог пен әріптестіктің негізгі бағыттарын атап өтті.

«Сауда-экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатыр. Біз машина жасау, энергетика, металлургия, озық технология және басқа да салада бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Әлемге танымал корей компаниялары елімізде табысты жұмыс істеуде. Мәдени-гуманитарлық байланысымыз да күшейді», — деп түйіндеді сөзін Президент.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар