Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құпияға толы іс: Руслан Жақсылықовқа қатысты қауесетке тергеу басталды

20:10, 16 маусым 2025 734

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қатысты жалған мәліметтерді тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды ALASH.KZ Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар Telegram-арналарда бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды деген ақпарат тараған болатын.

Алайда ІІМ баспасөз қызметі бұл мәліметтерді жоққа шығарып, тергеу басталғанын хабарлады.

"Сұранымда көрсетілген тұлғаның ұсталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында қасақана жалған ақпарат тарату дерегі бойынша Астана Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі – бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар