Эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы желідегі оқырмандарына сырын ашып, өмірінде үлкен жаңалық болайын деп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.
Көпшілікке үлгілі отбасы ретінде танылған жұптың шаңырағында тағы бір қуанышты оқиға орын алмақ. Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында алдағы уақытта өзін қатты толқытатын ерекше жоба немесе бастама күтіп тұрғанын меңзеп, оқырмандарының қызығушылығын арттырды.
«Бүгін мен үшін ерекше күн. Көптен бері осы бағытта ұсыныстар көп түсетін еді. Енді көпбалалы анамын ғой, уақыт барлығына тапшы болатын. Енді соның бір орайы келіп тұр. Әзірге құпия бола тұрсын, бірақ мен үшін сондай толқитын сәт болғалы тұр», – деді Толқын Тұрарбекқызы.
Әзірге Төреғалидің жары бұл жаңалықтың нақты немен байланысты екенін ашып айтпады. Десе де, желі қолданушылары мен өнер иесінің тыңдармандары Толқынның жаңа бастамасына ақ тілектерін жаудырып жатыр.