Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Құмар ойын үшін»: Ақмола облысында қос шенеунік жұмысынан қуылды

12:41, 15 қазан 2026

Ақмола облысының Есіл ауданында мемлекеттік қызметте жүріп құмар ойындарға әуестенген лауазымды тұлғалар анықталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Есіл аудандық прокуратурасы жүргізген арнайы талдау жұмыстарының нәтижесінде 2 мемлекеттік қызметшінің интернет арқылы букмекерлік кеңселерде белсенді түрде бәс тігіп келгені әшкереленді.

Аудандық прокуратура өкілдері ресми хабарламасында: «Есіл ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тігумен айналысқан 2 мемлекеттік қызметші анықталды. Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған», — деп мәлімдеді.

Құқық қорғау органының заңды ден қою шараларынан кейін бұл екі шенеунік те иеленіп отырған лауазымдарынан біржола босатылды. Сондай-ақ өңірдегі өзге мемлекеттік қызметшілерге мұндай заңсыз әрі әдепке қайшы әрекеттерге баруға болмайтыны қатаң ескертілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар