Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарыда үйдің ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап тастаған (ВИДЕО)

17:11, 29 қазан 2025 180

Атырау облысының Құлсары қаласында көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап кеткен. Оқиға салдарынан бүлдіршін жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға 26 қазанда Құлсарының 3-ықшамауданында болған. Алайда бейнежазба әлеуметтік желілерге 29 қазанда тараған. Видеода баланың түйеден қашып бара жатып, сүрініп құлаған сәті және жануардың үстінен таптап өткен көрінісі байқалады.

"Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді, қазір ол травматология бөлімінде ем алып жатыр", – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Оқиғадан кейін түйе арнайы оқшауланған алаңға қамалған. Қазіргі таңда билік өкілдері жануардың иесін анықтауға кірісті.

Ветеринариялық инспекцияның дерегінше, түйенің құлағындағы сырға Маңғыстау облысына тиесілі болғанымен, ол ресми дерекқорда тіркелмеген. Мамандар жануарды тексеріп, одан ешқандай ауру белгілері анықталмағанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар