Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарыда қаза тапқан ер адамның ұлының да денесі табылды

14 сәуір 2024 536

Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында 6 сәуірде жоғалып кеткен 24 жастағы жігіттің денесі табылды.

Жылыой ауданының Құлсары қаласы, 4 ауыл Автожолшылар шағын ауданы тұрғылықты мекенжайынан 1 шақырым жерден, №8 мектеп аумағының сыртынан 2000 жылы туған Нұржауов Асылхан Болатбекұлының мәйіті судан табылды, – деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жігітті іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 39 жеке құрамы, 1 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

Бұған дейін Құлсары қаласында 48 жастағы ер адамның ұлымен бірге су басқан үйін көруге шыққаны, бірақ оралмағаны хабарланған болатын. Кейін олардың көлігі табылды. Трактор жолдан шығып, аударылған көрінеді.

Айта кетсек, бүгін марқұм Асылхан Нұржауовтың әкесінің мәйіті де табылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?