Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлдықтан босап,қанша бала анасын тапты: Руслан Өтепбай “Көреміздің” жабылғанын айтып, халыққа өкінішін жеткізді

14:58, 02 желтоқсан 2024 1785

“Көреміз” бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай эфирдің жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бағдарламаның жабылғанын 2 күн бұрын жариялаған жүргізушіге халық жаппай өз өкініштерін білдіруде. 

Бүгін журналист Руслан Өтепбай халықтың ықыласы мен сеніміне алғыс білдіріп, басқа жобаларды бас көрсететінін ашық айтты.

Осы студияда сан мәрте жыладық, талай рет қуандық, әділетсіздікті естігенде шарасыздықтан айқайладық, әділдік орын алғанда бөркімізді аспанға аттық… Мұның барлығы ел игілі үшін атқарылған азғантай ғана жұмыс болатын.  Қарап отырсам «Көреміз» бағдарламасының септігімен отыз шақты отбасы баспаналы болды. 10-нан аса адам шетел құлдығынан азат етілді. Талай жан анасын, асқар тау әкесін неше жылдан кейін тапты. Өзекті болған әскердегі әлімжеттікті де айналып өтпедік. Ақиқат үшін қолымыздан келгенін аянбай жасадық… Бізге сенім білдірген елге, келген кейіпкерлерге көп рақмет!”,- деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар