Әнші Мақпал Жүнісова “Музарт” тобының әншілеріне шүйлікті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ол ТикТок әлеуметтік желісінде ашу боймен мәлімдеді.
“Құрметті Музарттың атақты жігіттері. Мырзалар, студияларыңыз өте тозған, тесік тесік, әбден тазған. Баспалдақтан құлап қала жаздадым. Сіздер өз үйлеріңізді ғана емес, студияны да жөндеп қойыңыздар. Атақтарың дардай. Үйлерің осындай болса тұрмас едіңдер. Ауа жоқ, өте нашар студия боп кеткен. Халық келетін жерді ремонттаңыздар. Біздер жаңа ән жазып кеттік. Ұялып отырмын сіздер үшін. Бір аптадан кейін жаңа ән жазуға келемін, студия ремонтталып тұрсын. Мен сіздерге сенемін.”, деді Мақпал Жүнісова.