Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құдайдан кейін күйеуге бағын, қызмет ет: Қуат Хамитов қандай жағдайда әйелді ұруға болатынын айтты (ВИДЕО)

14:06, 22 маусым 2024 597

ММА балуаны Қуат Хамитов ТикТок желісіндегі тікелей эфирде өзге ұлт өкілімен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Олар тікелей эфирде “әйел адамды ұру” туралы тақырыпты қозғап, талқы жүргізген. 

Қуат Ахметов видеода болашақта өз қызын қалай тәрбиелейтіні туралы баяндады.

“Мен өз қызымды “құдайдан кейін күйеуіңе бағын” деп тәрбиелеймін. Әйел ол отбасының, үйдің берекеті. Күйеу даладан, жұмыстан шаршап, көңілсіз келген кезде жұбатушы жан оның жары. Күйеуіңді сүй, сыйла деп айтамын”,- деді ол. 

Дебатқа түскен өзге ұлт қызы Қуат Хамитовтың айтқандарына келіспей, әйелді ұру дұрыс емес деген пікірін тағы да алға тартты. 

“Егер еркек өзі жұмыстан қатты шаршап, немесе жынданып келсе, үйде әйелі тағы ашуландырып, миын “шіртсе” қалай ұрмайды? Әйелді құдай күйеуінің “тыныштығы” етіп жаратқан”,- деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар