Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Құдаларымның алдында басымды төмен түсіріп отырмайын”. Светлана Айтбаева бұрын-соңды ел естімеген сырын айтты

09:28, 19 қыркүйек 2026

Белгілі әнші, Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева келін болып түскен кездегі қайын атасының өнегелі сөзін еске алды. Бұл туралы ол «Өнегелі отбасы» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Аlash.kz.

Әншінің сөзінше, отбасын құрған кезде қайын атасы ұлы Қанатты оңаша шақырып, келінге деген жауапкершілігін ескерткен.

«Сен біреудің баласын алып келдің. Ол бізді танымайды, мамаңды, мені, туыстарды танымайды. Саған ғана сеніп келіп отыр. Осы сенімді жоғалтып алма», — депті қайын атасы.

Светлана Айтбаева бұл сөздің жарына үлкен жауапкершілік жүктегенін айтып, үлкендердің тәрбиесін өмірлік ұстанымға айналдырған күйеуіне алғыс білдірді.

«Ертең мен құдаларымның алдында басымды төмен түсіріп отырмайын, барған кезде басымды тік ұстап отырайын деген. Кез келген ата-ана осындай сөздерді айта білуі керек деп санаймын», — деді әнші.

Сондай-ақ ол келін болып түскеннен бері үлкендердің жолын кесіп өтпеуге, әулеттің тәртібі мен тәрбиесін сақтауға мән бергенін жеткізді.

Сұхбаттан үзінді әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар қайын атасының сөзін «аталы сөз», «үлгілі тәрбие», «текті әулеттің өнегесі» деп бағалап, жылы пікірлер қалдырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар