Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алдағы шығармашылық жоспарын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
”Өскеменде құтқарушылар жайлы жаңа фильм түсіріледі бұйырса,- деп жазды актриса Instagram парақшасында.
Продюсер кино әлеміне қалай қадам басқанын айтып берді.
“Кино ғашығымсың! Кино шабытымсың! Кино абыройымсың! Кино дамытушымсың! Кезінде тойда ән айтып жүргенде, қиялдап елестететінмін, кино әлемінде жүрсек жақсы кинолар түсірсем екен деп. Тек тойға шығып қалып кетпесем екен, арманымды орындай алмай қаламын ғой, тарылып қаламын ғой деп… Құдайға шүкір, жарнама кино әлемінің адамдары келгеніне. Бірге жүрген жандарға тек алғыс, құдай тілеулерін берсін”,- деді Дариға Бадықова.
Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер жаңа жобаны қолға алып жатқанын хабарлап еді.
”Өзіміздің елде өте күрделі фильм түсіреміз. Біреу маған “Күйеуге шығайын деп жатыр” деп жазыпты. Сондай нәрселер жазылып жатыр. Бірақ енді ол болашақтың еншісінде… Сондай бір ауқымды жоба болайын деп тұр”,- деді Дариға Бадықова НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.