Актриса Құралай Анарбекова белгілі блогер NNN-мен қарым-қатынасы туралы сөз етті, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеп.
Ол бұл туралы журналист Дина Төлепбергенге айтты.
“Біз бірге жұмыс істедік, алдағы уақытта да бірге жұмыс істейміз. Жақсы доспыз, көп сөйлесеміз. Қалғанын болашақта көресіздер. Әзірге айтарым жоқ", – деді актриса.
Одан кейін жалғыз қалудан қорықпайтынын да мойындап, бәрі адамның өзіне байланысты екенін айтты.
"Жалғыздықтан қорықпаймын. Бәрі адамның қолында. Бұл өмірде қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ. Егер адам қаласа, қасына адам алуға болады. Құдай өзі кешірсін. Бірақ мен жалғыздықтан қашпаймын, мен түк жасамаудан, деградациядан қорқамын. Бір орында тұрып қалудан қорқамын", – деді киножұлдыз.