Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты жаңалық: Жаңа жыл мерекесіне орай елімізде қосымша пойыздар жүре бастайды

12:03, 09 желтоқсан 2025

"Қазақстан темір жолы" компаниясы жаңа жыл қарсаңында бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздар жүре бастайтынын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Жаңа жыл мерекесіне орай жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру үшін қосымша пойыздарды іске қосып жатыр. Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды:

  • №201/202 "Алматы-2 – Астана-1"

Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар.

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.

  • №203/204 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.

Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

  • №257/258 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"

Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі.Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын қамтамасыз етіледі.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жаңа жыл қарсаңындағы билеттердің тез сатылып кететінін ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек алуға кеңес береді.

Билет сатып алар сәтте бос орындар болмаса, жолаушылар "Күту парағы" қызметің тегін пайдалана алады. Бұл сервис орын босаған жағдайда автоматты түрде хабарлап, билетті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Хабарлама жолаушының жеке кабинеті немесе SMS арқылы жіберіледі. Қызметті сайттан және билет кассаларынан алуға болады.

Толық ақпаратты 1433 нөмірі арқылы білу керек. Пойыздар қозғалысы туралы мәлімет tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-табло арқылы қолжетімді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар