Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар: Зарина Толыбай бокстан Әлем чемпионы атанды

09:18, 28 қазан 2026

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтуде, деп хабарлайды Alash.kz.

Турнирдің аса ауыр салмақтағы шешуші кезеңінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Зарина Толыбай Ресей өкілі Самира Итониевамен айқас өткізіп, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Заринаның бұл финалға дейінгі жүріп өткен жолы да сәтті болды. Мәселен, ол 1/4 финалда тувалулық Френцис Таафакиді 2-раундта техникалық нокаутпен жеңсе, 1/2 финалда түркиялық Мирей Догруды 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Бокс федерациясының мәліметіне сәйкес, талантты отандасымыз осы жылдың шілде айында ғана Индонезияның Джакарта қаласында өткен U19 Азия чемпионатында да топ жарған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар