Қазақстандық палуан Ернұр Сүлеймен VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Alash.kz.
60 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандық спортшы турнирдің жеңімпазы атанды.
Жарыс барысында жоғары шеберлік танытқан спортшы қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтерілді.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындары Қырғыз Республикасында өтіп жатыр. Көшпелілердің дәстүрлі спорт түрлері мен мәдени мұрасын ұлықтайтын бұл дүбірлі додаға әлемнің ондаған елінен келген спортшылар қатысуда.