Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты хабар: 385 мың қазақстандық өз еркімен кредиттен бас тартты

13:56, 07 маусым 2024 544

Қазақстанның 385 мың тұрғыны өз еркімен кредиттерден бас тартты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда кредиттер мен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі пайда болғанын еске салды.

Оның айтуынша, бұл құқықты қазірдің өзінде 385 мың азамат пайдаланды. Сондай-ақ, ол бұл заңды айналып өтетін микрофинанстық ұйымдар туралы ақпараттың жоқ екенін айтты.

«Егер журналистерде заң бұзушылықтар туралы ақпарат болса, біз тиісті шараларды қабылдауға дайынбыз», - деп мәлімдеді төраға орынбасары.

Қизатов бірінші тоқсандағы микрокредит көлемінің азаюы маусымдық сипатқа ие екенін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар