Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қуанғандарды қамап, айыппұл салған". Ресей оқушылары Иранның қаза тапқан көшбасшысы Али Хаменеиді аза тұтып, гүл шоқтарын қойды

11:31, 07 наурыз 2026

Ресейдің Астрахань қаласында мектеп оқушылары Иранның қаза тапқан Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеины еске алу шарасына қатысты, деп хабарлайды Аlash.kz.

Мәліметке сәйкес, «Беркут» юнармиялық жасағының оқушылары Иранның Астраханьдағы бас консулдығы ғимаратына барып, гүл шоқтарын қойған.

Жасақ өкілдері бұл шараны «Али Хаменеиның рухани мұрасы мен қызметін құрметтеуге арналған салтанатты аза тұту рәсімі» деп сипаттаған.

Сонымен қатар, бір күн бұрын Мәскеуде Хаменеиның қаза болуына байланысты ерекше оқиға тіркелді. 1 наурыз күні оның өліміне байланысты «қуаныш мерекесін» өткізген шамамен 20 ирандыққа айыппұл салынған.

Құқық қорғау органдары ұйымдастырушы деп таныған қатысушылардың біріне 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар