Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов лауазымынан босатылды, деп жазады Alash.kz.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов бұл лауазымға 2025 жылы шілде айында тағайындалған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар