Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қосымша қылмыстық істер тіркелді”: Атыраудағы қанды қылмыс жайлы жаңа дерек шықты

23:09, 23 наурыз 2026

Атырау облысында Жангелдин ауылындағы отбасын өлтіруге қылмысына қатысты резонансты істі тергеу жалғасуда, деп жазады Alash.kz.

“Ақ жайық” басылымының хабарлауынша, осы қылмысқа күдікті 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша қосымша қылмыстық істер тіркелді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, төрт адамды өлтіруден бөлек, малды заңсыз сату және жәбірленушілердің мүлкін иемдену эпизодтары анықталған.

Іс аясында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева да қарастырылып отыр. Тергеу сотының санкциясымен ол стационарлық сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Оны Алматыдағы Сот сараптамалары институтына жіберуі де мүмкін.

Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне құқықтық баға берілген жоқ, бұлтартпау шарасы қолданылмаған.

Атырау облысы прокуратурасының хабарлауынша, түпкілікті құқықтық баға сараптамалардың нәтижесі алынғаннан кейін беріледі.

Сотқа дейінгі тергеуді аяқтау мерзімі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің көлеміне және тағайындалған сараптамалардың нәтижесіне байланысты.

Қадағалау органы азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар