Баспана алып үлгеріңіз. Өйткені құрылыс компанияларына 20 жыл бұрынғы салық қайта енгізілмек, деп жазады Alash.KZ "Атамекен бизнес" арнасына сілтеме жасап.
Мәселе неше күннен бері талқыланып келе жатқан қосымша құн салығы жайында болып отыр.
Сарапшылар бұл жүктеме енгізілсе, баға өсімінен бөлек, баспана нарығында елеулі өзгерістер орын алады деп топшылайды. Құрылысшылар эконом және комфорт кластағы тұрғынүйлерді салуға қызықпайды. Соның салдарынан құрылыс саласы тұралап қалуы мүмкін. Құрылыс қарқынының төмендеуі бағаның өсуіне алып келетінін ұмытпайық.
Сонымен, сарапшылар бұл туралы не дейді?