Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

10:06, 20 мамыр 2025 352

Қостанай облысында 20 мамыр күні жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ Қостанай Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 «Қайрақ» шекара бекетінен екі шақырым жерде Ford Transit көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысты. 

Жеңіл көліктің ішінде болған 10 адамның алтауы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бес адам әртүрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы шетел азаматтары екені хабарланды.

«Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді», - делінген Қостанай облысының Полиция департаменті хабарламасында

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар