Қостанай облысында 9 қазан күні таңертең теміржол өткелінде Lada Kalina автокөлігі локомотивке соқтығысты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазды Alash.kz.
Полиция мәліметінше, жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан, теміржолға шығып кеткен.
Оқиғаға байланысты жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.