Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанай көшесінде тыр жалаңаш жүгірген 19 жастағы жігіт ұсталды

15:22, 08 ақпан 2025 273

Қостанай көшелерінде жалаңаш жүгіріп, «киімсіз марафон» ұйымдастырған 19 жастағы жігіт ұсталды, хабарлайды Alash.KZ.

Оның қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырды.

«Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ. Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды», — деп жазылған polisia.kz хабарламасында.

Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар