Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қоршаған ортаны қорғайтын шенеунік күндіз далада мас болып, кіші дәретін сындырған (ВИДЕО)

15:33, 13 тамыз 2024 686

Табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бискалиевтың көшеде мас боп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіне Бөкенов есімді қолданушы жүктеді. 

“Табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев осылай тұр. Видеода көргендеріңіздей өз өзіне ие бола алмай қалған секілді. Қоршаған ортаны қорғайтын прокурордың өзі қоршаған ортаны бүлдіріп жүрсе айтарға сөз жоқ. Халыққа өзі үлгі болудың орнына, мынаның жасап жүрген ісі ұятқой”, – деп жазды ол. 

Бұл жүрісі беделіне нұқсан келтіретінін де тілге тиек етті.

"Бұл мінез-құлық оның кәсіби беделіне күмән келтіріп қана қоймайды, Қазақстанның заңнамасын елемейтінін көрсетеді. Прокурор бірнеше рет заңды бұзды. Бұл әрекеті оның құзыреті мен этикасына қатысты күрделі сұрақтар туғызады", – деп жазды Бөкенов. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар