Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қолындағы қаруды қайда жасырып үлгергені белгісіз“: Атырау облысында мектепке балта апарған оқушы сабағына оралды

09:17, 10 ақпан 2026

Атырау облысында сыныптастарына балтамен шабуыл жасап, жаралаған оқушы тергеу изоляторынан үйқамаққа шықты. Ал 9 ақпаннан бастап мектепке оралды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Құлсары қаласындағы №6 мектепте болған оқиға барша елді дүрліктірген еді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп қабырғасындағы буллинг, әлімжеттік бойынша аймақтағы бірқатар оқу  орнына  арнайы комиссия барып, тексеріс жасайды, - деп мәлімдеді.

10-сынып оқушысы қаңтар айының басынан бастап, мектепішілік есепке алынған.  Бірнеше мәрте психологпен сөйлесіп, мектепке ата-анасы да шақырылған екен. Ол қолындағы қаруды қайда жасырып үлгергені белгісіз, полция сол күйі таба алмапты.  Ал соңғы 4 жылда  мектепті басқарған директор жұмысынан өз еркімен кеткен.

Марат Әбуов, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

Осы мектеп директоры осы шараларды тиісті деңгейде ұйымдастырмауына байланысты қатаң сөгіс туралы тәртіптік жаза  алынған болатын аудандық білім бөлімі басшысы арқылы. Алайда сол келесі күні директор өз аразы бойынша өз қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта бала сабаққа қайтадан қатынасуда. Себебі соттың алғашқы отырысы өтті. Және тергеу амалдары аяқталғанға дейін баланы сабаққа  қатыстыруға және денсаулық  сақтау  ұйымдарына баруына  мүмкіндік берді.  Қалған уақыттардың барлығында өзінің үйінде  үйқамақта болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар