Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қолынан келеді… Арманым орындалды”: Дариға Бадықова көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

14:35, 24 маусым 2026

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа жобаны қолға алды, деп жазады Alash.kz.

Продюсердің айтуынша, Өскемен қаласында құтқарушылар жайлы жаңа фильм түсіріліп жатыр.  

“Бұл фильмнің сіздерге ұнамауы мүмкін емес, көрермендер. Арманның орындалуы! 

Ешқайсымызға зиян тимей алыста тұрып машинаны жардық! 

Бұндай кино түсіру Қазақтардың қолынан келеді.

Голливуд бізге келсін”,- деп жазды Дариға Бадықова.

Айта кетейік, продюсер бұған дейін жаңа туындының не жайында екенін айтқан болатын.

“Кейде әлсізбін…. Бірақ елдің Дариғасын қолдайтын сіздер бар. Жаңа фильмнің түсірілімін бастадық. Бұл жолы тақырып та, жауапкершілік те бөлек. Біз күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін құтқаруға асығатын МЧС қызметкерлері туралы оқиғаны экранға алып келеміз.

Сіздердің әрбір жылы тілектеріңізді оқып отырмын. Шынымды айтсам, дәл осындай сәттерде қолдау сөздері жанға күш береді, жауапкершілікті одан сайын сезіндіреді. 

Бұл фильм мен үшін жай ғана жоба емес. Бұл ерлік, адамгершілік, таңдау және өмір үшін күрес туралы әңгіме.

Сіздердің қолдауларыңызға рақмет! Сәттілік тілектеріңіз қабыл болсын. Біз бар күшімізді салып, көрермен жүрегіне жететін дүние жасауға тырысамыз.

Фильмнің аты Соңыра көне қалған сөзді, кім біледі?!“,- деді Дариға Бадықова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар