Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қолын балталап тастаған”. Қызылорда облысында әйелін өлтірмекші болған мұғалімнің әрекеті жұртты шошытты

“Қолын балталап тастаған”. Қызылорда облысында әйелін өлтірмекші болған мұғалімнің әрекеті жұртты шошытты

Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде 42 жастағы әйелдің қолын жолдасы балталап тастаған.  Қазір келіншек ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Науқасқа шұғыл көмек көрсетуге қаладан санавациямен дәрігерлер барған. Олар келіншектің өзге де бірнеше жарақаттары барын айтады. Басынан да қатты соққы алған. Сондықтан денсаулығына қатысты әзірге нақты шешім айтуға ерте дейді. Ал күдікті аудандағы мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалім болып жұмыс істейді. 20 жылдан аса тәжірибесі бар маман.

“Полициямен адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер жарияланбайды. Іс департамент басшылығының бақылауында”, - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар