Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қолдан келді! Маңызды оқиға!»: Бағдат Мусин тарихи жобаның іске асырылуымен құттықтады (ВИДЕО)

16:16, 16 қазан 2026

Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Екі мемлекетті байланыстыратын бұл стратегиялық маңызы бар жобаны Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев іске қосты. Жоба «Қазақтелеком» АҚ мен әзербайжандық AzerTelecom компаниясының бірлескен әріптестігі аясында жүзеге асты. Нәтижесінде Каспий теңізінің түбімен ұзындығы 380 шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық кабель тартылып, екі ел арасында жаңа халықаралық цифрлық бағыт қалыптасты.

Айтулы оқиғаға байланысты «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Instagram парақшасында жазба жариялап, халықты тарихи жобаның іске қосылуымен құттықтады.

Ол өз жазбасында аталған жобаның еліміз үшін стратегиялық маңызы мен еңбек сіңірген мамандардың үлесін атап өтіп, былай деп жазды:

«Қазақстан мен Әзербайжанды осы бір маңызы зор оқиғамен құттықтаймын!

Бүгін еліміздің Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісіне ресми түрде старт берді.

Біз AzerTelecom-дағы әріптестерімізбен бірге Каспий теңізінің түбімен 380 шақырым оптикалық кабель төсеп, екі елді жаңа халықаралық байланыс арнасымен тікелей қостық.

Қазақстан үшін бұл – Азия мен Еуропа арасындағы маңызды цифрлық торапқа айналу жолындағы тағы бір қадам. Жаңа бағыт халықаралық деректер транзитін дамытуға, еліміздегі Деректер орталықтары алқабын (Data Center Valley) өркендетуге және ірі технологиялық компанияларды тартуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Бірақ мен үшін бұл жоба, ең алдымен, адамдар туралы. Біздің инженерлер, теңізшілер, сүңгуірлер, кабель төсеушілер мен оны іске асыру жолында айлап еңбек еткен барша жандар туралы.

Әзербайжандық әріптестерімізге және «Қазақтелекомның» бүкіл командасына алғыс айтамын! Осы кабельдің әрбір шақырымының артында сіздердің орасан зор еңбектеріңіз тұр.

Бүгін біз ортақ жұмысымыздың нәтижесін көріп отырмыз.

Қолдан келді! (Мақсатымызға жеттік!)»

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар