Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 шақырым қашықтыққа ішкі теңізге қарай жүзіп, кері қайта алмаған 6 жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Олар қолдан жасалған жүзу құралын қолданған.
«ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады ТЖМ.