Танымал журналист Руслан Өтепбай Маңғыстау облысында болған сот ісіне қатысты күмәнді жайттарды айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Желідегі парақшасында журналист өзіне Маңғыстаулық әйелдің өзінен араша сұрағанын жеткізіп, мәселенің мән-жайын анықтады.
Шындық па, сұмдық па?
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Маңғыстаулық азаматтың анасы қоғамнан араша сұрайды.
Айтуынша оның 22 жастағы баласы 11 жасар туысқан қарындасын зорлады деп айыпталған.
Оқиға былай болған екен:
Қыздың әжесі түнде немересінің орнында жоқ екенін байқап, сұрақтың астына алған кезде, қыз бала қорқып «ағам тиісті» деген. Алайда жәбірленуші қыз тергеуге берген түсініктемесінде өзінің мәлімдемесін теріске шығарыпты.
Сонымен қатар сотталушының туыстары сараптамалардың да таза шыққанын айтады. Ал қыздың әкесі арызды қайтарып алмақ болғанымен, құқық қорғау органдары қабылдамағанын мәлімдейді.
Егер сотта жәбірленуші тараптың өзі «өтірік айттым» деп мәлімдесе, ал сараптамалар нақты дәлел таппаса - онда өмір бойы жаза қаншалықты әділ? Әлде қыздың туыстары екеу-ара келісіп, жәбірленушіге айтқызу мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз?