Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қоғамдық орында соққыға жыққан” - Маржан Арапбаеваның азаматтық некедегі күйеуі туралы ақпарат шықты

20:16, 16 қаңтар 2026

Астанада әнші Маржан Арапбаеваның азаматтық некедегі жолдасынан соққы көргені туралы ақпарат тарады, деп жазады Alash.kz.

Астана қалалық ПД мәліметінше, 43 жастағы Ербол Нұрмұхамбетов қоғамдық орында бейәдеп сөйлеп, жұбайына қол көтерген.

Тәртіп сақшылары ер адамның қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынғанын хабарлады. Сонымен қатар полиция өкілдері жанжал кезінде оның әйеліне күш қолданғанын және бұл дерек бойынша дене жарақатын келтіру фактісіне қатысты қосымша арыз тіркелгенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ұрып-соғу әрекетіне байланысты түскен шағым бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар