Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қыздар-жігіттердің ортасында жүр": Даниял Ахметов Париж Олимпиадасында көзге түсті

12:49, 05 тамыз 2024 348

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, көптен бері көрінбей кеткен Даниал Ахметов Парижде еліміздің жеңілатлеттерімен бірге көзге түсті, - деп хабарлайды Alash.KZ.

Massaget.kz тілшісі.

Экс-әкімнің суреті Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

 

"Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті", - делінген жазбада. 

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?