Ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат пен Элмира Жанабіловтер ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, оқырмандарына сәлем жолдады, деп жазады Alash.kz.
"9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті: соттар, уайым, отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен.
Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді.
Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет", - деп жазды олар.