Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстанда шенеуніктерді қоғамдық көлікпен жүріп, фотоесеп беруге жегіп жатыр

17:47, 22 мамыр 2024 684

Қырғызстан шенеуніктеріне жаңа міндет жүктелді. Енді олар қоғамдық көліктердегі сапарлары туралы фотоесеп беріп, сейсенбі және бейсенбі күндері жалпыға ортақ транспорттармен қатынауға міндеті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Өткен аптада Бішкек әкімі аймақтағы қызметкерлер мен кәсіпорын қызметкерлеріне жеке көліктерін аптаның екі күні, сейсенбі және бейсенбі күндері, пайдалануға тыйым салды.

Сондай-ақ, қала басшысының бұйрығымен қызметкерлер сапар барысында жүргізушінің санитарлық нормаларды сақтауын, қызмет көрсету сапасы мен төлем әдісін бақылай алады.

Мұны ескермеген басшылар және сейсенбі мен бейсенбі күндері жеке көлікпен жиынға келген шенеуніктер қатаң ескертулер мен сөгістер алғанын да айта кету керек. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар