Қырғызстанда, Ошта жүрген сел алып кеткен азаматтың денесі бүгін Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы тоғаннан табылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Кабар ақпарат агенттігіне сілтеп.
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, көрші елдің құтқарушылары қырғызстандық әріптестерінің өтініші бойынша іздеу жұмыстарын жүргізіп, 1985 жылы туған азаматша Б.А.-ның денесін тапты.
Қаза болған әйелді 14 шілдеде Оштың орталық базарынан сел ағызып әкеткен.
Бұған дейін де сел ағызып әкеткен 39 жастағы әйелдің денесі арада екі күн өткенде Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылған болатын.
Еске сала кетейік, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, Ош қаласы мен ауылдарда сел жүрді.