Ғұсман Қырғызбаев Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметкері, деп хабарлайды Alash.KZ.
“Отан алдындағы ерекше қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жеке жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін Ғұсман Қырғызбаев пен оның егіз інісі, аға жаттықтырушы - дзюдодан Орталық спорт клубы құрамасының жетекшісі Ғұмар Қырғызбаевқа кезекті әскери атақ берілді. Екеуіне Қорғаныс министрі “капитан” шенін мерзімінен бұрын тапсырды”, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев 2024 жылғы Олимпиада ойындарында дзюдодан қола жүлде иеленген еді.