Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғыз азаматы несие алып, туған жерінде кітапхана салды

09:16, 27 сәуір 2024 574

Қырғыз Республикасы,Баткен облысының тумасы Ұланбек Мурзаев өз фермасын бұзып, орнына оқушыларға арналған заманауи кітапхана ашты. Білім шаңырағының құрылысын көтеру үшін қырғыз азаматы арнайы несие алған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы newsroom.kz порталына сілтеме көрсете отырып.

Ұланбек Мурзаев кітапханасындағы құнды еңбектердің басым бөлігі ағылшынша. Ол ағылшын тілінде жарық көрген 30 мың кітап жинаған. Сонымен қатар, орталықта әдебиет, математика, өнер, медицина және тағы да басқа салалар бойынша түрлі асыл қазына бар.

"Бұл жер - біздің екінші үйімізге айналды. Себебі, біз таңнан кешке дейін бос уақытымызды осында өткіземіз. Оқимыз, білім аламыз, жаңа дүниелерді үйренеміз",- дейді жас кітапқұмарлар. 

Кітапхана салынғалы оқушылардың үлгерімі жоғарылап, таным көкжиегі артқаны байқалады. Қырғыз азаматының салған кітапханаға жүгіру арқылы талапкерлердің бірі математиканы жақсы меңгеріп,күрделі тақырыптарды игере алғанын айтты. 

Кітапхана аз уақыттың ішінде оқушылардың сүйікті мекеніне айналды.Оқу орталығын ашу идеясы Ұланбекке 2020 жылы карантин уақытында келген. Ол ең шалғай аудандағы балалардың білім алуды жалғастырғанын қалаған. Қазір ол жаңа IT-орталық ашу үшін жұмыс істеп жатыр.

Бір айта кетерлігі, кітап ордасының құрылысы үшін Ұланбек несие алған. Қазір несиені төлеу үшін ол екі жұмыста қызмет атқарып жүр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар